Мақтаарал ауданындағы Фердауси ауылындағы 250 үйді су басып қалған болатын. Бүгін таңғы 5:00-ден бастап, аталған  Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің «Өргебас» елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы 3 шақырымды құрайды.

Таңғы 8:00-де су «Өргебас» елдімекенің 194 үйін баcып қалды. Тұрғындардың барлығы яғни,  1,5 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.  Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ.

Мақпал Рысбаева