Мақтааралдықтарға көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылған

173

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылып, қаржы жинау әрекеттері кездесуде.

Бұл фактілермен Ішкі істер департаменті айналысуда. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін төмендегідей қордың жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры.
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А
БИН: 100440016000
Кбе 18, КНП – 119,
АО «Halyk Bank»
ИИК: KZ886010001000002491
БИК HSBKKZKX