Бүгін ел Премьер-Министрі Асқар Мамин су астында қалған Мақтаарал ауданының елдімекендеріне барды. Үкімет басшысы апаттан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.

Билік өкілдері жергілікті халықпен кездесіп табан астынан келген ауыр жағдайдан есеңгіреп қалған елдің жайына қанықты. Үкімет басшысы Нұрлы жол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Асқар Мамин бастаған билік өкілдері Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерінде де болды. Ондағы 500 отбасыға арналған жаңа шағынауданның құрылысын көзбен көрді.

Мырзашөлдіктердің негізгі күнкөрісі — егіншілік. Сондықтан да жергілікті халықтың уақыт оздырмай күнделікті кәсібіне кірісіп кетуі аудан экономикасы үшін маңызды. Осыны ескерген Үкімет басшысы ауыл шаруашылығындағы ирригация желілерін жаңғырту және тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстарына да қанықты.

Мақпал РЫСБАЕВА