Пойыздар қашан жүреді?

325

Шымкентте теміржол кассаларында бүгіннен бастап билеттер сатыла бастады. Қазақстан аумағына қатынайтын барлық пойыздар 1-маусымнан бастап жолға шығады.

Вагондарда санитарлық ережелерді сақтау қатаң қадағаланады. Жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға жүруге шектеу қойылып, 1 метрлік арақашықтық сақталады.

Сондай-ақ санитарлық талапқа сай пойыздарда антисептик, дәрі-дәрмек және басқа да зарарсыздандырғыш заттар тегін таратылады. Бұл шығындар тарифке әсер етпейді дейді салаға жауаптылар. Мамандар карантин шектеулері Бас санитардың қаулысына сай маусым айының ортасына қарай қайта қаралуы мүмкін.

Мақпал Рысбаева