Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

340

Шымкент қаласының
халқы арасында коронавирустық
инфекция ауруының алдын алу
жөніндегі шараларды одан
әрі күшейту туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 2020 жылғы 10 мамырдағы № 16 хаттамасына сәйкес Халық арасында коронавирус инфекциясының COVID-19 алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 11 мамырдың сағат 00-ден 00 минуттан 2020 жылдың 25 мамыр сағат 07-ден 00 минутке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Шымкент қаласына көліктің және азаматтарға кіруге және шығуға тыйым салынсын, №1, №2 қосымшада көрсетілгендерден басқаларын қоспағанда.
3. Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына, Шымкент қаласының полиция департамент бастығына, мемлекеттік мекемлердің басшыларына және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері, адамдардың көп жиналатын объекті иелері қамтамасыз ету үшін:

1) спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;
2) кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;
3) діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;
4) Шымкент қаласының аумағында барлық топтық объектілерге (сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.) жұмыс кестесі уақытша шектеліп сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін белгіленсін, жеке көрсетілген жағдайды қоспағанда;
5) эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторингті және әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуін;
6) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;
7) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да объектілерге санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
8) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
9) аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметін (жазылу бойынша);
10) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра сауда-ойын орталықтарының жұмысын бастауды, олардың ішінде орналасқан балалар ойын алаңы, мұз алаңы, батут, кинотеатр және фудкорттар қоспағанда;
11) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша шектей отырып, азық-түлік базарларының қызметін;
12) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимін 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша шектей отырып, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысын;
13) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес (мал базары мен автокөлік базарларын қоспағанда) базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын;
14) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құрылыс дүкендерінің, саяжай инвентарын сататын, оптиканың (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоодүкендердің, жиналуды ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмысын;

15) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаж, автосалондардың жұмысын;
16) медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сұлулық салондарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша);

17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер, жеке сот орындаушы және т. б.) жұмысын;

18) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, спорт мектебі және секциялар қызметін (15 адамға дейінгі жеке топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);
19) халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің: осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілердің жұмысын;

20) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, хостелдер, туристік базалар және т.б.) жұмыс алгоритмін сақтауды;
21) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.
22) Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар және басқалары) қызметі жеткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін онлайн тапсырыстарды қолдана отырып, сондай-ақ дайын өнімді дайындау орындарында мынадай талаптарды сақтай отырып, тамақтарды тамақтану орнынан шығарып беру, үйге жеткізу режиміне көшірілсін:

— персоналдың жұмыс кезінде арнайы киімді, бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануы (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру);
— жіті респираторлық жұқпалар белгіс бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

— жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, стеллаждарды дезинфекциялайтын салфеткалармен (немесе дезинфекциялайтын құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялайтын құралдарды қолдана отырып үй-жайларды желдету және ылғалды тазалау.
23) Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жұмсақ балмұздақ дайындау және сату орындар онлайн режимінде тапсырыс қабылдау және жеткізіп беру режимінде жұмыс істеуді.

24) Көп пәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй алаптарында орналасқан азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланысты, дүкендерге жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін белгіленсін, сонымен қатар ғимаратта бір мезгілде 3 тұтынушыдан артық болмауы тиіс.
4. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына:

1) масканы міндетті түрде киіп және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұратын жерінен еркін шығуына рұқсат беруді;
2) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге (хайуанаттар бағын қоспағанда), ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына рұқсат беруді;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаға шығуға рұқсат (3 адамнан аспайтын топтар немесе бір отбасының мүшелері) беруді ;
5. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға қамтамасыз ету үшін:

1) Осы қаулының 11 қосымшасына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің 50% үшін қашықтықтан (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда) жұмыс нысаны сақталады;
2) Өңірлер арасындағы блок бекеттерде жұмылдырылған қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ете отырып, санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды:
3) Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;
4) Қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
5) Әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен отырғыштарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді қамтамасыз етсін.
6. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысына, жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз ету үшін:
1. Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттету арқылы, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балалардың коррекциялық және оңалту кабинеттерінде (жазылу бойынша) жұмысын;
2. Барлық білім мекелерінде қашықтықтан оқуды ұйымдастыру, сондай-ақ барлық білімін бағалауды жүргізу.

7. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына:
1) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, шектеулермен қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауды сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қамтамасыз етсін.
8. Шымкент қаласының әкіміне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «Атамекен» ҰП:

1) халыққа қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтап қайта бастауын қамтамасыз етсін.
— «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бизнеске қызмет көрсету үшін: Абай ауданы бөлімі (Шымкент қ, Мәделі қожа көшесі 1/16 үй);Әл-Фараби ауданы бөлімі №1 (Шымкент қ, А. Жангелдин көшесі, №13 а үй);Қаратау ауданы №1бөлімі (Шымкент қ,Тулеметов көшесі, №35 үй); Еңбекші ауданы №1бөлімі (Шымкент қ, Шығыс м.а., №116/1 үй).

— «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімдер:Мамандандырылған бөлім №1 (Шымкент қ, Қаратау ауданы, Достық ма 2343/1 ғимарат); Мамандандырылған бөлім №2 (Шымкент қ, Абай ауданы 196 квар, 7381/1 учаскесі);Мамандандырылған бөлім №3 (Шымкент қ, Қызылжар ма Жиделібайсын көшесі 92 (Бекжан базары).

2) «Атамекен- қолдау орталығы» жұмыспен қамту мобильдік орталығының жұмысы.
3) Бизнеске арналған үкіметінің жұмысы.

9. «Қазпочта» акционерлік қоғамының басшысына әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық маскада қызмет көрсетуін, почта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) жанасумен байланысты жұмысты жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.
10. Банк филиалдарының басшыларына, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімдер, сауда және басқа да ұйымдарға:

1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің міндетті түрде температурасын өлшеуді қамтамасыз ету (пирометрлермен, портативті тепловизорлармен), ақша және қымбат заттарды алу, беру кезінде автоматтандырылған түрде қолма-қол ақшаны беру және/немесе алуда төлем картасын қолданып және басқада операция, соның ішінде тауарға төлемді банкомат арқылы жүргізу кезінде кезектерде ара-қашықтықты сақтауды (1,5 метрден кем емес), маскалық режимді, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізумен және санитариялық талаптарды сақтай отырып халықты тиісті қабылдауды ұйымдастыру. Қызметкерлермен клиенттердің температурасын өлшеу ірі кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі.

2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанында ұйымдастырылмаған кезектерге жол бермеу. Кезек болатын жерлерде еденнің беткейінде, жолдың қабатында, аумағында арақашықтығы 1,5м метр болатын сызықпен көрсетілсін, бұл ретте уақытша отырғызу орындарымен қамтамасыз етілсін.

11. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы, Шымкент қаласы аудан әкімдері, Шымкент қаласының аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары мен бірлесе отырып халық арасында COVID-19 инфекциясының алдын алу, таралуы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылсын:

12. Шымкент қаласының халықаралық әуежайының басшысына
1) Шымкент – Нур-Сұлтан – Шымкент, Шымкент – Алматы – Шымкент (күнделікті 1 рет), Шымкент – Петропавл – Шымкент (аптасына 2 рет) бағыттарындағы әуе рейстеріне. (Ұшаққа отыру үшін 2 күн бұрын ПРТ анализін тапсыру мідеттелсін. Ұшақта әлеуметтік қашықтықты пен бетперделік режимді және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақталсын.)

2) шетелден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде қызмет көрсететін жер үсті жабдығы мен көлігін қорытынды дезинфекциялауды;
3) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
4) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.

13. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары басшыларына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына:
1) Жұмысын қайта бастаған объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
14. Осы қаулыны барлық мүдделі мекемелерге жолдансын, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізілсін.
15. Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың меншік түріне қарамастан орындауы міндетті.
16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
17. Осы қаулы 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев