ҚР Үкіметі отставкаға кетті

фото primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған Жарлыққа сәйкес, Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін қазіргі Үкімет мүшелері өз міндеттерін уақытша атқарады.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынады деді. Әрі саяси жауапкершілік те сол партияға жүктелетінін айтты. Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқару міндеті Роман Склярға жүктелді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» , – делінген қаулыда.