Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру болатын.
Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді.
Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 48 пәтер ұрлығы ашылып отыр.
Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.