Шымкентте 60 тұрғын үй аулаларын және осыншама шаруашылық құрылысын су басты. Сондай-ақ су тасқыны кезінде 5 шаруашылық құрылыс қирап кеткен. Бұл туралы бүгін төтеншеліктердің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Айта кетейік, департаментте тәулік бойы жұмыс істейтін штаб ұйымдастырылған. Қазір келтірілген шығын көлемін анықтау мақсатында жұмыс тобын құру туралы қала әкімінің өкімі дайындалып жатыр екен. Құзырлылардың сөзіне қарағанда қауіп әлі де басылар емес.

Нұрболат Дербісов,Шымкент қаласы ТЖД бастығы: «Өкінішке қарай, «ҚазГидроМет» орталығының мәліметтеріне сәйкес, жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады».

Мақпал Рысбаева