Елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Соңғы тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді. Бүгінде қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.

Осы орайда, халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Шымкент қаласының бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті.

Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық!