Шымкентте төтенше жағдай кезінде 7 мың сәби дүниеге келген

149

Әбеновтердің тұңғышы төтенше жағдай кезінде дүниеге келген. Нәрестенің атын Думан деп қойыпты. «Жамандық артта қалып, жақсылық думан болсын» деп ырымдап қойыпты.

Төтенше жағдай режимі басталғалы бері Шымкентте 7 мың сәби дүниеге келген. Карантиннің алғашқы кезеңінде Үміт, Жақсылық, Думан есімдері нәрестелерге көп қойылыпты. Ырымшыл қалалықтардаңың таңдауы президент, әкімдердің атына таңдау көп түсіпті.

Шымкент қаласы бүгінде халық саны мен бала саны бойынша 8-ші орында тұр. Үшінші мегаполис тұрғындары 1 млн. 46 425 адамға жеткен. Отбасы құндылығын алдыңғы лекке қоятын тұрғындар балалардың көптеп дүниеге келуін жақсылыққа балап отыр.

Назерке Үкібасова