12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылады. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады.

Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және ХҚО-да ЭЦҚ мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.

«12 мамырдан бастап ХҚО-ға тек заңды тұлғалар бара алады. Ал қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуды жалғастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80% — дан астамы egov.kz порталында қолжетімді екенін ескертемін. Порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады»,- деді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабеков.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.

Аңықтама: Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 10.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайлары:
1. Абай аудандық ХҚО, Мәделі Қожа көш., 1/16Г
2. Әл-Фараби аудандық ХҚО, Ә. Жангелдин көш., 13А
3. Еңбекші аудандық ХҚО, Шығыс м.а., 116/1
4. Қаратау аудандық ХҚО, Қ. Төлеметов, көш., 35