Толассыз жауған жаңбырдан қаланың іргесіндегі Елтай тұрғын алабында арықтар арнасынан тасып, аулаларды су басты.
Ауыл тұрғындарына көмекке алғашқылардың бірі болып төтеншеліктер жеткен. Олар су ағынымен келген учаскелерді қырдан сумен бірге ағып келген тастардан тазартуда.
Тұрғындар дәл осындай жағдай төртінші рет болуда. Алдын 1968 жылы болған еді топан су келіп. Бұл табиғаттың құбылысы.Ең бастысы бас амандығы деп шүкіршілік танытуда.
Төтенше жағдай орын алған бойда түнде адамдар Маятас ауылындағы № 119 мектепке эвакуацияланған. Алайда баспаналарына уайымдаған елтайлықтар таңертеңнен үйлеріне келіп алған. Не болса да ел қатарлы көреміз дейді.
«Кеше кешкі 19:00-де басталды ғой. ТЖД-хабарластық жағдайымызды сұрап. Түнде мектепке апарды, сонда болдық. Таңертең су алып кетеді ме деп келдік қайтеміз енді» дейді Батпа Қалтаева.
Пәсте орналасқан үйлердегі ауладан шыға алмаған тұрғындарды төтеншеліктер шығаруда. Жоғарыда тұратын үйлерге де су жетіпті.
Үрзат Керімқұлова, Елтай аулының түрғыны: «Үйдің бәрі су алып жатыр. Құлайын деп жатыр. Төбедегі бөгетті ашпайды ма? Су Тоғыстағы су қоймасына кетсе, ауылға су келмес еді».
Жергілікті билік құтқарушылармен бірге тұрғындарды түні бойы қауіпсіз жерге орналастырды. Қазіргі таңда ондағы суды сору жұмыстары жалғасып жатыр. Шымкент әкімі су астында қалған Елтайға барып, ондағы жұмыстарды көзбен көрді. Жауаптыларға мықтап тапсырма беріп, ескертулер де жасады: «Неліктен жағдай орын алғанда маған айтасыздар. Сіздер неге алдын алмадыңыздар. Әскери емессіз бе? Каналды ашыңдар деп едім ғой, оған да құлақ аспадыңыздар».
Шынар Оразова