Қазақстанда өткен тәулікте 183 адамнан коронавирус індеті анықталды. Өсім 1,5% құрады, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Тәулік ішінде жаңа жағдайлар келесі өңірлерде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында — 38 (1,6%) Алматы қаласында — 29 (1,0%) Қарағанды облысында — 24 (2,2%) Батыс Қазақстан облысында — 21 (2,7%) Павлодар облысында — 15 (6,2%) Ақтөбе облысында — 13 (3,4%) Шымкент қаласында — 10 (1,1%) Шығыс Қазақстан облысында — 8 (4,5%) Атырау облысында — 6 (0.5%) Қызылорда облысында — 5 (1,1%) Алматы облысында — 4 (0.9%) Түркістан облысында — 3 (0.8%) Қостанай облысында — 2 (1.0%) Маңғыстау облысында — 2 (0,6%) Жамбыл облысында — 2 (0,5%) Ақмола облысында — 1 (0,6%) Сондай-ақ 6 мамыр күні инфекцияны жұқтырған 232 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 12694, оның ішінде 7135-і жазылды, кайтыс болды — 53.