Шымкентте жыл басынан бері 19 519 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде: 15 501 отбасы шартты, ал 4018 отбасы шартсыз ақшалай жәрдем берілді. Жалпы сома 4,5 млрд. теңгені құрайды.
Ал, 3408 отбасыға учаскелік комиссия шешімі негізінде және табысының кедейлік шегінен жоғары болуына байланысты көмек көрсетілу тоқтатылған.
Сонымен қатар кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларына ағымдағы жыл басынан бері 16 075 отбасыға 113 мыңнан аса азық-түлік пакеті мен 23 214 балаға тұрмыстық химия заттары үлестірілген.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезеңінде 74 мыңнан астам адамға 2 АЕК көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 285 551 адамға бірінші айында, 183 010 адамға екінші айда 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.
Мақпал РЫСБАЕВА