оқушылар

1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса енді оған алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда оқушының тұрғылықты мекенжайы талап етілмейді. Бірақ мектепке хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, мәселені шешуге болады. Маңызды ақпаратты ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Айтуынша, бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті алдымен мектеп директорының атына жазады, ал мамандандырылған облыстық мектеп болса – өтінішті облыстық немесе қалалық білім басқармасына жазады. Мектеп алдымен өзінің аумағындағы оқушыларды қабылдауы керек.

Биылғы талап бойынша әр үш бала сол мектеп маңындағы үйлерден алынса, төртінші бала басқа территориядан келе алады екен. Бекітілген нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек. Егер, бала саны көптігінен бұл талап сақталмаса, мәселені жергілікті органдар кезең-кезеңімен шешуге міндеттелді.

Мөлдір Бекеева