Күні кеше Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шара жүргізу барысында «1 мамыр» көшесінде бір – бірімен жарыспақ болған 2 автокөлік иелеріне тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.

Одан бөлек, рейд барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйінен тыс жерде жүрген 15 жасөспірім Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізіліп, олардың ата-анасына тиісті шара көрілді.

Түнгі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында шымкенттік полицейлер күнделікті түнгі рейдтік шаралар өткізеді.