Спорт 

Шымкентте бес елдің боксшылары жұдырықтасуда

Сидней Олимпиадасының күміс медаль иесі Мұхтархан Ділдабековтың жүлдесіне арналған турнир биыл да басталды. Байрақты жарысқа әлемнің бес елінен боксшылар жиналды. Олардың арасында Оңтүстіктің жеткіншектері де бар. Барлығы жүзге тарта спортшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түсуде. Мұхтарханның ізбасарлары қандай дайындықта екенін сынау үшін еліміздің спорт тізгінін ұстаған бір қатар азаматтар жарысқа жиналып, 16-17 жасар боксшыларға сәттілік тіледі. Олар бес күн бойында ринг төрінде чемпиондарды анықтауға тырысады. Алғашқы күннің өзінде қызылордалық, Атырау мен оңтүстіктің жеткіншектері келесі айналымға жолдама алды. Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков 19.3.1976 ж. ОҚО, Мақтаарал ауданында туған. Боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр…

Read More
Өрт сөндірушілер жарысы басталды Жаңалықтар 

Өрт сөндірушілер жарысы басталды

Шымкентте өрт сөндіру кезінде қаза тапқан құтқарушыларды еске алуға арналған спорт чемпионаты басталды. Іс-шараға облыстың түкпір-түкпірінде талмай еңбек етіп жүрген жасақтан құралған 19 құрама тас-түйін дайындықпен келген. Аталған сайыстан жеңімпаз атанған команда республикалық додаға жолдама алатын болады. Екі күнге жалғасатын чемпионатта жасақтың оқыс оқиға кезіндегі іс-қимылдары да пысықталады. Өрт сөндіру барысында қаза тапқан қызметкерлердің туыстары төтеншеліктердің төтеннен келетін қайғыдан аман болуына тілектестігін білдірді.

Read More
Спорт 

Оңтүстікте жамбы ату қолға алынып жатыр

Таяуда Оңтүстіктің ат спортының жанкүйерлері Наурыз мерекесінде жамбы атумен танысты. Биыл жерлестеріміз ұлттық ойындардың думанын сәуір айына жоспарлапты. Шымкенттіктер атшабарға жиналып, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, бәйге, жамбы ату сынды ойындардың куәсі болды. Сол ойындардың ішінде, әсіресе, жамбы ату көпшілікті қызықтыра түсті. Спорттық ойындардың тізіміне кірген ат үстінде нысана көздеуді Оңтүстік жұртшылығы алғаш рет тамашалады. Осыған дейін бұл ойыннан жарыс өтпейтін. Тек соңғы жылдары ғана жамбы ату қолға алынуда. Биылдан бастап ұлттық спорт түрлері мектебінде арнайы бөлімше ашылып, бүгінде екі бапкер 24 жерлесімізді жамбы атумен жаттықтыруда. Жамбы ату — Қазақ…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік дәрігерлер халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Қыркүйектің 11-і мен 13-і аралығында Литвада өткен халықаралық жарысқа Шымкент қалалық медициналық жедел көмек көрсету станциясының дәрігерлері қатысып, жеңіспен оралды. Жарысқа медицина саласы дамыған Польша, Германия , Литва мен Қазақстаннан барлығы 30 команда қатысты. Ал еліміздегі Алматы мен Шымкент қаласыннан аттанған 3 бригаданың ішінде ерекше көзге түсіп, сапалы әрі тез алғашқы көмек көрсеткендер Шымкент қалалық жедел медициналық көмек стансасының мамандары болды. Айтулы мекемедегі екі, үш адамнан тұратын екі бригада бір емес екі жүлдеге қол жеткізіп отыр. Бірі командалық есепте 30 бригаданың ішінен екінші орын алса, екінші топ миға қан құйылған…

Read More
Спорт 

Қариялар шахматтан сынға түсті

Шахматтан спорт ардагерлері мен зейнеткерлер арасында Оңтүстік чемпиондары анықталды. Екі күнге жалғасқан жарыста 17 кәсіпқой және 32 әуесқой шахматшы сынға түсті. «Ақтұлпар»  интеллектуалдар клубында өткен турнирдің қорытындысы бойынша әуесқойлар арасында Гафуржан Махмудов бас жүлдеге қол жеткізді. Бұған қоса Сақтаған Жақаев пен Нұсқау Түменбаев жүлделі болды. Кәсіпқойлар арасында Олег Ни үздік танылды. Бекайдар Тұрғаналиев пен Бақыт Құдайбергенов та арнайы сыйлыққа ие болды. «Қариялар арасындағы мұндай жарыстар енді жиі өтіп тұрады» деп ұйымдастырушылар алқасы өз уәдесін берді.

Read More
Жаңалықтар 

Шахмат клубы ардагерлердің сүйікті орнына айналған

Шымкентте ардагерлер арасында шахматтан қала біріншілігі басталды. «Ақ Тұлпар» шахмат клубы қалалық зейнеткерлердің сүйікті орнына айналғанын жарысқа қатысушыларға қарап бірден аңғаруға болады. Бақ сынаушылардың жас мөлшері 60 пен 92 жас аралығында. Қарт болса да, спорттық ойындардан қол үзбеген ардагерлер осындай сындар көп болса деген тілектерін де жасырмады. Сондай-ақ, ардагер майдангерлермен кездесіп, әңгімелесу де салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге таптырмас құрал. Соғыста немістермен шайқасқан ардагерлер, бүгін шахмат тақтасында шайқасты. Жастары келіп қалса да, «шахы» мен «матын» жоғары дәрежеде пайдаланып, ойлау қабілеттерінің биік екенін тағы да дәлелдеді….

Read More