Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің «Мақтарал біз біргеміз» атты ашылу салтанаты болып өтті.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері «Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу және карантин кезінде объектілердің жұмысын қайта бастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Н.Нышановтың 31.05.2020 жылғы №21 қаулысының 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес Мақтарал ауданындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен балаларды жазғы сауықтыру үшін ПГГСВ №38 ПГВр қаулысының 39-қосымшасындағы алгоритмді сақтай отырып өз жұмысын бастады.

Жазғы сауықтыру лагерінде Мақтарал ауданының А.Фирдауси атындағы жалпы орта мектебінің 300-ге жуық оқушысы 02-16 маусым аралағында 15 күн демалатын болады.
Аталған іс-шара еліміздің әнұранымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов жазғы сауықтыру лагерінің ашылуымен құттықтай отырып, оқушыларға өзінің ізгі ниеттерін білдірді. Сондай-ақ іс-шара барысында аудандық білім бөліміне қарасты саз мектептерінің ұстаздары, А.Фирдауси мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп сахналық қойылымдар қойылды. Сондай-ақ Мақтарал ауданының А.Фирдауси атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Абдраимова, Мақтарал ауданының атынан Сарыағаш ауданының әкіміне және де ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы сауықтыру лагерінде медицина қызметкерлері және ішкі істер қызметкерлері мен тәлімгерлер бірлесе жұмыс жасауда.