Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына және Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 7 маусымдағы №20 қаулысына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы 2020 жылдың 22 маусымында сағат 16.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады:

1. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/381-6с «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі №38/306-6с «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/282-6с «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/381-6с «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізу туралы;

5. Шымкент қаласында бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы;

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев