Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылып жатыр. Қазір қалада автобус күтетін 260 орын бар. Аялдамалардың құны 900 мың теңге мен 2 млн. теңге аралығында. Жауаптылар қаңғыбастар паналамас үшін жаңа аялдамалардың көлемін қысқарттық дейді.

Шымкентте жаңа аялдамалар пайда бола бастады. Автобус күтетін орындардың шағындауы 900 мың, көлемдісі 2 млн. теңгеге бағаланған. Қоғамдық орындардың құрастырылымдары да ерекше. Аялдамалар шатырлы. Екі жағындағы күңгірт шынысы төзімді, ұзақ жылға шыдас береді дейді салаға жауаптылар.

Аялдамалардың отыратын бөлігі енсіз. Бұрыңғыларға қарағанда 20 санитимерге қысқартылып отыр. Қаңғыбастар түнемес үшін осыдай жобаны мақұлдадық дейді мамандар.

Алдағы уақытта шаһарда 260 осындай аялдама салынатын болады. Аялдама мәселесі қалада өзекті күйде қалып отыр. Жаңа қоғамдық орындар сырт көзге де әдемі көрінеді.

Алайда, тұрғындар автобус күтетін жерлердің тым тарлығын айтады. Сондықтан да жолаушылардың көбісі қоғамдық көліктерді аялдамалардың сыртында күтуге мәжбүр.

Кең аялдамаларға үйренген шымкенттіктер мұндай орындар жазда күннен, қыста жауын-шашыннан қорғауы тиіс дейді. Шымкенттің шалғай елдімекендеріне әлі 1200 аялдама қажет екен. Билік өкілдері автобус күтетін орындардың мәселесін алдағы 4-5 жыл ішінде толықтай шешеміз дейді.

Мақпал Рысбаева