Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласындағы №72 мектепке халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың, №53-ші жалпы орта мектебіне Сабыр Рахымовтың есімін беру жөнінде ұсыныс жіберілді.
Сонымен қатар, Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай шахардағы Отырар кітапханасының атауын Әл Фарабиге ауыстыру бойынша ұсыныс республикаға жолданды.
Шынар Оразова