Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылындағы 10 шақырымды құрайтын веложолды әрлеу, бояу жұмыстары жүргізілуде. Алда, Тәуке хан даңғылы, С. Қожанов, Әмір Темір мен Байбұрт көшелеріндегі 10 шақырым аумақта да осындай істер атқарылады.

Сонымен қатар, даңғылдағы жаяу жүргіншілер жолағы да әлемнің дамыған қалаларындағы жүйе бойынша қызыл және ақ түспен сызылуда. Мұндай түстер жол қозғалысы апатының алдын алып, көлік иесінің белгіні анық көруіне сеп болады деп жоспарланған.