Шымкенттік сүңгуірлері Сырдарияда іздестіру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласында суға шомылу маусымының тұрақты жағдайына қарамастан жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл көрші Түркістан облысына көмек көрсетумен байланысты. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері шымкенттік құтқарушылар тоғыз рет судағы іздестіру жұмыстарына көмек көрсетті.

Кезекті іздеу-құтқару жұмыстары Шардара ауданындағы Сырдария өзенінде жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына көмек көрсету туралы хабарлама 23 маусымда сағат 07.15-те келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі Сүткент ауылының 1985 жылы туылған тұрғыны белгісіз жағдайда Сырдария өзенінде батып кеткен. Белгілі болғандай, бұл 2 топтағы мүгедек, талмалы ауруға шалдыққан.

Шымкент қаласы ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы 23 маусым күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады, нәтижесінде сағат 13.36-да оқиға орнынан 35 шақырымда олар суға батқан адамы тауып, туыстарына тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысының ТЖД 3 қызметкері, аудандық полиция басқармасының 4 қызметкері, әкімдік қызметкерлері және туыстары қатысты.