Түркістан қаласы әкімінен коронавирус табылды. Бұл туралы Рашид Аюпов өзінің инстаграмм парақшасында мәлімдеді.
Қала басшысы «Өкінішке қарай, вирус мені де айналып өтпеді. Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігердің көмегіне жүгінген болатынмын. Бүгін ПЦР тестің оң қорытындысы шықты, Ковид-19 ретіне шалдыққанымды растап отыр»,- дейді.
Шаһар басшысы қауіпті індетті қалай, кімнен жұққызғанын білмейді, анықтау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізген.
Қазір Рашид Аюпов үйінде оқшауланған. Қала әкімдігі жұмысы орынбасары Тәжібек Мұсаевқа жүктеліп отыр.
Мақпал Рысбаева