Әлеуметтік желіде бірнеше адамдардың қолдарына таяқ алып, төбелескені жарияланған бейне таралған болатын.
Нақтырақ айтсақ, 29.05.2020ж. Жетісай АПБ-не ауылдардың бірінде орналасқан егістік алқабында азаматтар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер адамдар арасындағы төбелес егістікке арналған суға байланысты пайда болғанын анықтады.
Аталған жайт ҚР ҚК-тің 293-бабымен тіркелді.
Жоғарыдағы тұрғындар арасындағы төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 азамат жүгінген.
Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жетісай ауданы ауруханасының мәліметіне сәйкес 5 азамат ауруханада емделуде, ал қалғандарына алғашқы көмек беріліп, үйлеріне шығарылған.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық тұлғаларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде.