Шымкентте өткір респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған, пневмонияға шалдыққан азаматтар әр емхана жанынан ашылған күндізгі стационарларда ем қабылдаса, аталған аурулардың орта дәрежесімен ауырғандар провизорлық госпитальде емделуде.
Шымкенттегі қалалық онкологиялық орталықта бүгінгі таңда 130 науқас ем қабылдауда.
Дәулетбек Жұмағали, Шымкент қалалық онкологиялық орталығы директорының м. а: «Мобильді топ жұмысын жалғастыруда. Қажет болса, үйлеріне барып медициналық көмек көрсетудеміз. Топтың құрамында дәрігерлермен қоса, психолог, еріктілер бар».
Лилия Семикина, науқастың жұбайы: «49 жастағы жолдасымның өкпесі қабынған, жағдайы ауыр. Дәрігерлерге рахмет, қолдан келген көмекті аямай көрсетіп жатыр. Дәрі-дәрмектер тапшы, дәріханалардан таппай жатырмыз. Жергілікті биліктен өтінеміз, қажетті препараттармен қамтыңыздаршы. Мен жолдасымның өмірі үшін алаңдаулымын. Өтемін».
Өткір респираторлық аурулар және пневмонияның жеңіл түрімен ауырған науқастар үшін №9-шы қалалық емханада күндізгі стационар ашылған. Онда 44 төсек орынның 20-сы Коммунизм бөлімшесі, 16-сы Жаңа талап елдімекенінде, 8-і Тұрлан тұрғын алабында орналастырылған.Бүгінгі таңда күндізгі стационарда 129 науқас ем-дом қабылдауда. Олардың 91-і пневмонияға шалдыққан болса, 88-і өткір респираторлы вирусты инфекцияны жұқтырғандар. Осындағы 12 дәрігер мен 15 орта буын қызметкері сағат таңғы сегізден кешкі 8-ге дейін 12 сағат медициналық көмек көрсетуде.
Гүлзира Байдасова, №9-шы қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары: «Егер де өзіңізді жақсы сезінбей тұрсаңыз, медициналық көмекке жүгініңіз. Емханада қауырт желі жұмыс жасайды. Барлықтарығызға көмек көрсетеміз».
Шынар Оразова