Қалалар арасында блокпостар қойылмайды

169

 

Қалалар арасында блокпостар қойылмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады. Дегемен, бұл ережелер әлі де өзгіруі мүмкін. Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізеді деп күтілуде.

Коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі ең алдымен елдегі ауруханалардың вирусқа қарсы препараттармен қалай қамтылып жатқанын жеткізді. Айтуынша, КВИ-ге қарсы 59 дәрі-дәрмек түрі сатып алыныпты. Бұл мақсатқа 138 млн. теңге жұмсалған.

Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі: «2 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдар 27 мың науқасқа арналған вирусқа қарсы препараттармен қамтылған. Одан бөлек 15 шілдеге дейін тағы 28 мың науқасқа арналған дәрі-дәрмекті әкелу көзделуде».

Ал елімізге парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді, тағы 800 мыңы күтілуде екен. Керекті дәрі-дәрмекті жеделдетіп дәріханаларға жеткізу үшін дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

Десе де Үкіметтегілердің қазіргі саясаты «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенге сайып тұр. Вирусқа шалдықпас үшін ең алдымен карантин шектеулері қатаңдатылады. Ортақ талаптарды бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды.

Қатаң режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 83 340 теңге төлейді. Ал кәсіпкерлік субъектілер 230 АЕК, теңгеге шаққанда, 638 940 теңгеден жоғары соманы мемлекетке құюы тиіс.

Ералы Тоғжанов, «Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блокпостар орнатылмайды. Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізеді деп күтілуде».

Ал Шымкентте бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері бекіткен карантин шектеулері 5 шілдеге дейін сақталады. Қаулыға сай мекемелердің жұмыс режимі шектеледі. Үкімет карантин шектеулерін нақтылағаннан кейін үшінші мегаполис халқы да соған сай өмір сүру салтына көшеді.

Қалалар арасында блокпостар қойылмайды. Бірақ, өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайды. Демек, қазақстандықтар аймақтарға жеңіл көлікпен сапарлай алады.

Мақпал Рысбаева