Сарыағаш тұрғыны 11 адамды қаржы пирамидасына тартып, 3,5 млн теңгесін қолды қылған

222

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқты ұстады

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғындар алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленушілердің айтуынша өткен жылдың наурыз, мамыр айлары аралығында өздеріне жақсы таныс емес әйел сенімдеріне кіріп, бонустық жобаға тіркеп беремін, қосымша табыс табасыздар деп көндіріп, қаржы пирамидаларының біріне ақша салдыртып, соңында жоқ болып кеткен. Бір жыл бойы сандалған тұрғындар осы іс бойынша аудандық поицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-не ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Орын алған қылмысты ашып, тұрғындарды сан соқтырған әйелді ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың барлығы 11 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллионға жуық теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Сондай-ақ,азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.