Шымкентте биыл жалпы дезинфекция жұмыстарына 188 млн теңге бөлінген. Шаһарда 2 мыңнан астам көше залалсыздындырылған. Бұл мақсатқа 40 мыңнан астам көлік жұмылдырылыпты.
Қалада осыған дейін 2 жарым мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйлердің аулалалары дезинфекцияланыпты. Індеттің өршіп кетпеуі үшін қолға алынған дезинфекциялық шаралар әлі де жалғасып жатыр дейді салаға жауаптылар.
Ерубай ҚҰРАЛБАЕВ, Шымкент қаласы Энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы: «Індет анықталған ошақтар ұдайы дезнфекцияланып отырды. Бұл жұмыстар әлі де жүріп жатыр. Техникалар мамандар жеткілікті».
Айта кетейік, жыл аяғына дейін Шымкент халқының 94 пайызы таза ауыз сумен 95 пайызы электр жарығымен қамтылатын болады. Онымен қоса осы аралықта жылу жүйелерінің 40 пайызы толықтай жаңартылатын болады.
Мақпал РЫСБАЕВА