Пандемияның екінші толқынында Шымкентте медицина қызметкерлерінің тапшылығы болмайды. Кадр жетіспеушілігі дипломды түлектерді жұмысқа қабылдаумен шешіліп жатыр. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Темирхан Варзилов мәлімдеді.
Айтуынша, жергілікті аруханаларға әсіресе реаниматолог мамандар жетіспейді. Бұл тапшылық жалпы тәжірибелік дәрігерлердің осы қызметке бет бұруымен шешіледі дейді ол. Себебі, індет ушыққан кезеңде көптеген дәрігерлер арнайы оқытулар арқылы реаниматологтың қызметін атқарған. Жалақысы жоғары қызметке түбегейлі ауысқысы келетін мамандар көп екен.
Темирхан ВАРЗИЛОВ Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Жалпы тәжірибелік дәрігерлер реаниматолог қызметін атқарғанда олардың жалақысы едәуір жоғары болды. Бұл да стимул. Біз қазір ауруханалардың бас дәрігерлерімен мамандардың ауысуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Тапшылық туғызып отырған өзге мамандардың мәселесін дәрігерлер арасында арнайы тренинг ұйымдастыру арқылы шешетін боламыз».
Ал пандемиямен күрес кезінде жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін Ресейден келген мамандар Шымкентте індеттің екінші толқыны жеңіл өтуі мүмкін деп отыр. Себебі, халықтың басым бөлігі квимен, пневмониямен, ЖРВИ-мен ауырып, дерттерінен айықты. Демек, тұрғындардың көбісінде белгілі бір деңгейде иммундық жүйе қалыптасты дейді.
Мақпал Рысбавеаа