Шымкенттік дәрігерлер пневмония асқынуының алдын ала бастады

226

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты медицина сааласының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

№11 қалалық емханасына қарайтын төрт шағынауданданда төтенше жағдай енгізілгелі Ковид-19-дың 77 ошағы анықталып, 112 адам коронавирусқа шалдыққан. Эпиджағдайға байланысты бүгінде 3 мобильді топ құрылған. Бірінші кезекте есепте тұрған, созылмалы аурулары бар азаматтар флюрографиядан өткізілуде.

Шымкенттегі «Сәуле» шағынауданында ашылған күндізгі стационарда ем қабылдап жатқан Динара Ибрагимованың жағдайы қазір жақсы. Өкпесінің бір жағы қабынғаны флюрогарфиялық тексеру барысында анықталыпты.

Динара Ибрагимова, науқас: «Емханаға профилактикалық тексеруден өткенде өкпеме суық тигені анықталды. 30-шы  маусымда тынысым тарылып, өзімді нашар сезіндім. Ем қабылдап, қазір жақсымын».

Қазығұрт орталығында күндізгі стационарда 6 төсек орын, «Сәуле» шағынауданында – 4, Ақжарда – 3, Ақтаста – 2 төсек орын бар. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханада қауырт желі жұмыс жасайды. Және үш мобильді топ құрылған.

Данияр Айтбаев, №11 емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы: «Үш мобильді топ көлігінің бензинін, мамандардың жалақысын барлығын төлеуді әкімдік қолға алды. Рахмет. Бұл топ қоңырау түскен бойда адамның жағдайын телефон арқылы сұрастырып, кейін қажет ем домын айтады. Асқынған ауру болса жедел жәрдем шақыртылады».

Қала әкімдігінің шешімімен Қазығұрт шағынауданы аумағындағы №86 мектепте 300 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Ал №11 емханадағы мамандар 56 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсетеді. Медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған.

Осы ретте пневмонияға шалдыққан Сәуле шағынауданының тұрғыны Динара Ибрагимованың жерлестеріне айтары бар: «Адамдарға айтарым, денсаулықтарыңызға немқұрайлы қарамаңыздар. Егерде  денсаулығыңыз сыр берсе дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгініңіз. Қажетті ем-домыңызды мерзімінде алсаңыз жақсы болып кетесіз».

Шынар Оразова