сурет дереккөзі: media.istockphoto.com

Ońtústik Rabat газетінің «Сізді іздеймін» танысу бұрышына хабарландыру берген шымкенттік қария өмірлік серігін тапты. Қазір бақытты өмір сүріп жатыр. Хабарландыру берген Жақып қария (кейіпкер өтінішіне байланысты аты-жөні өзгертілді – ред.) редакцияға хабарласып, газет арқылы іздеген серігін тапқанына алғыс айтты. Кеше редакциямызға келіп, газет ұжымына жазған хатын да әкелді. Жақып қарияның хатын қаз-қалпында ұсынамыз. 

Іздеген серігімді таптым!

«Жалғыздықтан жаны жабырқап жүрген қариялардың жанына жылу сыйлар серігін табу бүгінде қиын екен. Әйтсе де осындай жандардың танысуына мүмкіндік сыйлайтын «Оңтүстік Рабат» газетінің бар екенін біліп, осы газеттің «Сізді іздеймін»  атты танысу бұрышына өз талап-тілегімді жарияладым. Өмірлік жарын тауып, қуанышқа бөленгендердің бірі болып мен де жасым жетпістің екеуіне келгенде іздеген серігімді тауып, арманыма жеткендей болдым.

«Өмірлік жарым» деп қабылдаған Жансәуле де (аты-жөні өзгертілді) бұл шешімімізге дән риза. Бүгінде екеуміз де жаңа өмірімізге үйренісіп қалдық. Енді біз бір-бірімізге демеу, сырласар серік, жанашыр жақынымыздай тұрып жатырмыз. Енді біз алдағы өмірімізге алаңдамаймыз. Бақытты, баянды ғұмыр кешуді бізге Алла нәсіп етсін деп Ұлы Жаратушыдан тілек тілейміз.

Құрметті «Оңтүстік Рабат» газетінің ұжымы! Қос қарияға осындай қуаныш сыйлаған Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз» © Жақып пен Жансәуле

Ал біз – Ońtústik Rabat редакциясының ұжымы газетіміздің «Сізді іздеймін» танысу бұрышы арқылы өмірлік серігін тапқан Жақып қарияның отбасына амандық тілейміз.

Ońtústik Rabat газетінің «Сізді іздеймін» танысу бұрышы ашылғанына 2 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде редакциямызға көптеген оқырман хабарласып, танысу бұрышына хабарландыру берді. Қаншама жан жұбын тауып, танысып, табысып, отбасын құрды. «Сізді іздеймін» танысу бұрышы талай адамның отбасын құруына себепкер болғанына қуанамыз. Газетіміздің танысу бұрышына хабарландыру қабылдауды жалғастырамыз.

Жаныңызға жылу сыйлар өмірлік серік іздеп жүрсіз бе? Онда Ońtústik Rabat газетінің «Сізді іздеймін» танысу бұрышына хат жазыңыз.

«Сізді іздеймін» танысу бұрышына өзіңіз туралы хабарландыру бергіңіз келсе, онда +7 707 853 54 17 (WhatsApp) телефон нөміріне хабарлассаңыз болады.

Instagram-дағы onrabat.kz ресми аккаунтымызға, Facebook-тағы Оңтүстік Рабат / Ontustik Rabat газеті ресми парақшамызға, info@onrabat.kz эл.поштасына хат жазыңыз.

Шымкент қ., Н. Төреқұлов көшесі, 15 үй мекенжайындағы редакциямызға келіңіз. Ішкі тел: 117, 119

Хабарландыру ақысы – 500 теңге. Хабарландыруыңыз газеттің кемі 5 нөміріне жарияланады.

Сондай-ақ, оқырмандарды алаяқтар әрекетінен сақтандыру үшін «Сізді іздеймін» танысу бұрышына хабарландыру берген азаматтардың да, хабарландыру бойынша хабарласқан кісілердің де зиян жоспары жоғына көз жеткізіп, мұқият болуыңызды сұраймыз! Ақша беруіңізді, көмектесуіңізді өтініп, материалды жағдайын реттеп алуды жоспарлайтын әйелдер де, еркектер де болуы мүмкін екенін ескертеміз. Сондай азаматтар отбасын құруды емес, сенімге кіріп, сізді пайдаланып кетуді көздейді. Сондай жандардан сақтаныңыз!

Газет редакциясы хабарландыру берушілердің де, оларға хабарласушылардың да алаяқ жоспары, не басқалай да арам пиғылы бар-жоғына жауап бермейді! Біз өмірлік серік іздеген жандардың бір-бірін табуы үшін газетімізді танысу бұрышын жариялайтын ақпарат алаңы ретінде ғана ұсынамыз!

Ońtústik Rabat газетінің редакция ұжымы