Карантин кезінде сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды кейбір азаматтар мен дәріханалардың заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік және алдын алу іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД қызметкерлері жоғары бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.

Мысалы, Жетісай АПБ-не жергілікті базарлардың біріндегі дәріханада дәріні жоғары бағамен сатып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру кезінде Түркістан облысының Жетісай қаласындағы базар аумағында фармакологиялық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ дәріхана жұмыс істейтіні анықталды. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерімен түрлі дәрілік заттардың 558 орамасы алынды (барлығы 97 дана, оның ішінде Цефтриаксон, Сумед, Амбробене, Парацетамол, Цефазалин, ампициллин, Дигоксин, Новокаин және т.б. бар). Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Түркістан облысы ПД-нің жедел уәкілдері қалалық және аудандық полиция бөлімшелерімен және мүдделі органдармен бірлесіп, карантин кезеңінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың 50 фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары теріс пиғылды сатушылардан 5 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды тәркіледі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.