Түркістандағы жаңа университет 700 грант ұсынады

463

 ҰБТ төмен балл жинаған түлектерге жоғары оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік бар. Ол үшін тестілеуден шектік 50 баллды жинап, бейіндік пәндерге география және шет тілін таңдаған болсаңыз болды.

Осындай талаптармен шәкірттер қабылдауды бастаған білім ошағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Рухани астана — Түркістанда бой көтерген оқу ордасы өз тарапынан 700 грант бөліп отыр.

Оқуға түсуге құжат тапсыру 20 маусымнан 19 тамызға дейін жалғасады. Алғашқы студенттерін жақсы жаңалықпен қуантпақ болған оқу орда туризм және мейрамхана ісі бойынша маман даярламақ. Айта кетерлігі, бұл университетте оқу халықаралық стандарт бойынша 1 қазанда басталады.

Майнюра Советқызы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры: “Университетіміз қос дипломдық ережемен жұмыс істейді. Үшінші курсты аяқтаған соң, Швейцария, Австрия, Түркия, Сингапур, Малайзия, Біріккен Араб әмірліктері, Ресей және Өзбекстан елдерінде оқып қазақстандық және шетелдік қос диплом иегері атана алады. Универсиетте бүгінде 290 орындық жатақхана бар. Жыл соңына дейін тағы да 400 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, грант иегерлері 30 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады”.

Нұрлан Сұлтанбек