Ата заңның мерейтойын шымкенттіктер де атап өтуде. Бүгін қалада Конституцияның 25 жылдығы қарсаңында 25 азаматқа мерекелік медаль табысталды.

Салтанатты шараны ашқан қала басшысы Мұрат Әйтенов қатысушыларды Ата Заңның мерейтойымен құттықтап, сый-құрметке лайық жандарға лебізін білдірді.

Марапат иелерінің арасында мемлекеттік қызметкерлер мен медицина, білім, әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкерлері де бар. Бұл марапатқа кәсіпкерлер мен ассамблея, БАҚ өкілдері де лайық деп танылды.

Мақпал Рысбаева