Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Бүгінгі күнге алаяқтар тарапынан атаулы әлеуметтік көмек
бойынша яғни, балаларға әлеуметтік көмек, кезексіз пәтер мен жер
телімдерін сыйақы үшін алып беру алаяқтық деректер жиіленіп кетуіне байланысты Сіздерді абай болуларыңызды шақырамыз.
2020 жылдың 7 айында Шымкент қаласының Қаратау ауданында
304 алаяқтық деректері тіркеліп, оның ішінде 112 іс сотқа жолданса,
136 іс ашылмаған күйде мерзімдері үзілген.
100-ден аса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алаяқтар атаулы әлеуметтік көмек және жылжымайтын мүлік
саласында өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырады, ал
алаяқтардың арбауына көбінесе жас аналар, медицина және білім
саласының жұмысшылары түсуде.
Сол сияқты алаяқтарды халыққа қызмет көрсету орталығы мен
түрлі мемлекеттік мекемелер алдында өздерін делдал ретінде
қызмет көрсететін адамдар ретінде таныстырып,қылмыстық қызмет
көрсету түрлерін жалған құжаттарды жасау жолымен атқарады және
көрсетеді.
Жуырда, Қаратау аудандық сотында халыққа қызмет көрсету
орталығында балаларға жәрдем ақы жасап беретін танысым бар деп,
51 адамнан сенімдеріне қиянат жасау арқылы ақшаларын алаяқтық
жолмен алған азаматшаға қатысты айыптау үкімі шықты.
Қылмыстың осы түрінің салдарынан халыққа 105 млн.тенге
мөлшерінде шығын келіп отыр, бұл ақша қаражаттар өздеріңіздің
меншіктік жинақтарыңыз және олар алаяқтардың қалтасына түспеу
керек.
Мемлекеттен жәрдем ақы алу рәсімі мен тәртібі ашық, сонымен
қатар жосықсыз тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен қауіпсіз түрде
мемлекетпен қорғалған.
Мемлекеттік көмек алаяқтар үшін емес, мұқтаж адамдар үшін
арналған!
Сіздерді барынша мұқият болуларыңызды, күдік тудыратын
тұлғалардың уәделеріне сенімшілдік танытпауға және өз
қаражаттарыңыздың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.
Қаратау ауданының прокуратурасы