Армениялық автокөліктердің әуресі…

117

Армян нөмірлері бар автомобиль иелері енді тіркеуден өтіп, қазақстандық нөмірлерді ала алады. Шымкентте көлік құралдары «Достық» шағынауданындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеледі.

Мүлік иесі мемлекеттік баж салығын төлеп, тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Тіркеу 1 қыркүйекте аяқталады.

Шымкенттік Азамат Тасболат көлігін карантин режимі енгізілмей тұрып Армениядан әкелген. Тіркелмегендіктен көп уақыт темір тұлпарымен сыртқа шыға алмай жүргенін айтады. Шетелдік техниканы тіркеуге болатынын естіп, бірден осында келіпті. Тіркеуді және жаңа нөмірлерді тек автокөлік иелері ғана ала алады, яғни, Арменияда автокөлік сатып алғандар, ал Қазақстан аумағында сатып алғандар әлі тіркеуден өте алмайды.

Шымкентке Армениядан 674 автокөлік әкелінді. Егер сіз көлігіңізді тіркеп үлгермеген болсаңыз, қаладағы «Достық» шағынауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 30-02-02 телефоны арқылы хабарсалуыңызға болады.

Мақпал РЫСБАЕВА