Емдеу-алдын алу мекемелерінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруының алдын алу

757
фото Tengrinews

 

Емдеу-диагностикалық манипуляцияларды орындау кезінде жарақаттанған жағдайда (кесу, шаншу, терінің зақымдануы), ЕПМ қалдықтарын жинау және кәдеге жарату кезінде, терінің және шырышты қабықтардың парентеральды гепатиттері, АИТВ вирустары бар науқастың биологиялық сұйықтықтарымен ластануы кезінде медицина қызметкерлерінің зақымдануы мүмкін.

Медициналық мекемелерде барлық науқастар жұқтыруға ықтимал қатарының есебінде қарастырылуы тиіс, сондықтан медициналық көмек көрсету кезінде:
— қанмен немесе ағзаның басқа биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істеген жағдайда бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;

— қанмен немесе биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жуу;
— бетті – маскамен, көзді — қорғаныш көзілдірік немесе бет экранымен қорғау;
— қанмен ластанған жұмыс үстелдерінің бетін дереу дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу;
— капиллярларды соруды тек резеңке грушалар арқылы жүргізу;
— бір реттік инелерді пайдаланғаннан кейін қорғаныш қалпақшаларын киюге жол бермеу;

— медициналық қалдықтарды шприцтер, инелер және катетерлерді қолданғаннан кейін қауіпсіз жинау және кәдеге жарату үшін арнайы тесілмейтін контейнерге орналастыру;
— жұмыс орнында алғашқы көмек көрсету қобдишасы және жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарының болуы тиіс.

Медициналық қызметкерлер арасында ауру қаупін төмендету мақсатында бұрын В гепатитіне қарсы егілмегендерге арнайы иммундау жүргізіледі. Вакцинациялауға профилактикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдері жоқ барлық медициналық қызметкерлер жатады.