Сайрам ауданында тәртіп сақшылары 4 қылмысты ашып, 335 құқықбұзушылықты анықтады

381

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түрлі шараларды ұдайы өткізіп келеді. Оның барлығы да сіз бен біздің тыныштығымыз үшін. 25-27 тамыз аралығында Түркістан облысының аумағында полицейлер көшелерде және басқада орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс -шара барысында Сайрам АПБ-нің полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 4 қылмысты ашып, 335 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Ең бастысы іздеуде жүрген 1 қылмыскерді ұстады, 11 борышкердің орналасқан жерін анықтады. Аталған іс-шараны өткізуге аудандық полиция басқармасының 70-ке жуық қызметкерлері және 12 қызметтік автокөлік, оның ішінде патрульдік полицияның 3 автоэкипажы жұмылдырылды.

Тентекті тезге салу үшін осындай шараларды көптеп өткізу қажеттігі байқалып қалады-ақ. Қоғамдық тәртіпке бағынбай, түрлі қылмысқа барғандардың басы бұғауланды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 2 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты және осы жылы автокөліктерді мас күйінде басқарған 2 мас жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, полицейлер 18 ұсақ бұзақылық, 16 мас күйінде қоғамдық орында болудың жолын кесті. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 11 жасөспірімді анықтап, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 2 адамды жауапкершілікке тартты. Көші-қон желісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында тұру ережелерін бұзғаны үшін 13 шетелдікті тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұстады.

Алдағы уақытта да тиімділігі көп мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

Айбар Нұргелдиев