Сырдария өзенінде жоғалып, ер адам суға батып кеткені туралы қоңырау өткен жексенбіде «112» пультіне таңғы сағат 5.30-да келіп түсті. Жарты сағаттан кейін оны іздеуге ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы шықты.

Шымкент қаласының 1978 жылы туған тұрғыны туыстарымен бірге Сырдария өзенінде демалып, балық аулауға аттанған. Кешке қарай масаң күйдегі 42 жастағы азамат өзеннен өтуге шешім қабылдайды. Ол оны аман-есен жүзіп өтіп, ыңғайлы орын тауып, ұйықтап қалады. Осы уақытта ұлының ұзақ болмауына алаңдаған әкесі өз бетінше іздей бастады, содан кейін құтқару қызметіне қоңырау шалды. Жоғалған адамды түні бойы жағалау бойымен іздеген, бірақ іздеу нәтиже бермеді.

Құтқарушылар 2 тамыз күні таңғы сағат бесте Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округіне қайықпен шықты. Шамамен 1 шақырымнан кейін жағада оларды күтіп тұрған балықшылар байқалды. Жағалауда олар өзін жақсы сезінетін жоғалған адамды көрді.

«Мен суға түскенде бірден жүздім. Мен алты жасымнан бері өте жақсы жүзгендіктен, суға батудан қорықпадым. Бірақ тек ағым мені қаншалықты алысқа апарғаны белгісіз. Жағаға шығып, ең жайлы жерді тауып, ұйықтап қалдым», – деді ер адам құтқарушыларға.

Ал балықшылар түні бойы өзенде біреулердің айқайы шыққандығын айтты. Біреулер үнемі бір есімді айқайлап отырды. «Біз біреу тоғайда адасып, жол іздеп жүр деп ойладық»,-дейді олар. Ал таңертең олардың алдына күнге күйген, үсті масалармен шағылған бір ер адам шықты.

«Ең бастысы, сіз тірі екенсіз», – деп құтқарушылар осыны ған айта алды, құтқару кеудешесін киіп, оны күткен әкесіне және достарына алып барды. Айтпақшы, ер адам өте алысқа кеткен, ол өз бетінше қайта алмайтын еді. Аралда әкесіне тірі және сау екенін ескерту үшін оған ұялы телефон берген адамдар болғаны ер азаматқа сәттіліктің бірі болған. Егер байланыс болмаса, егер құтқарушылар аралдың осы жағымен жүрмесе және тағы бір мың «егер» болса, онда мұның бәрі, шын мәнінде, күлкілі оқиғаның қалай аяқталатыны белгісіз еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Түркістан облысы аумағында сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарына құтқарушылар 26 рет барған. 18 адамның денесі судан шығарылды, оның төртеуі балалар.