Коронавирустың алғашқы толқынында дәрі таппай қиналған қазақстандықтар енді ол мәселемен кездеспейді. Еліміздің «СК Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы ол үшін 24 млрд. теңгеге дәрі қорын жинауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек сала мамандары медициналық бетперде құнын да арзандатпақ. Бұған дейін құны 150 теңгеге жеткен маска енді 60 теңгеге түсуі мүмкін.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «Осыдан кейін нарықтар ашылып, шикізат пайда болды, бірақ бәрібір қымбаттады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шикізат 20-25 есеге қымбаттағанын хабарлады. Маска құны бұрынғы 15 теңгеге оралмайды. Бірақ біз бағаны төмендету үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада бағасын 60 теңге шамасында азайтатын шығармыз».

Қала берді жауаптылар шетелден келетін әлеуметтік көмектің шекарадан өтуін де жеңілдеткенін айтады. Бұдан былай Қазақстанға жан-жақтан көмек ретінде келген заттарға тек сертификат талап етіледі. Ковидтің екінші толқынына дайындық мұнымен бітпейді. Енді Денсаулық сақтау министрлігі вирусқа қарсы вакцина салуға қамданып отыр.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «Біз вакцина жасау керек тұрғындарды санадық. Қазір ол 15 пайыздай, бірақ келісімде 20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Олар қауіпті топтағы адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Біздің статистикамыз бен анализдерімізге сүйенсек, қант диабеті, қан қысымы жоғары, жүректің ишемиялық ауруы сияқты диагнозы бар адамдарға коронавирустың қаупі жоғары және пневмония асқынып кетуі мүмкін. Ең алдымен науқастардың осы тобына басымдық береміз».

Пандемияның алдағы салқынына «СК Фармацияның» өзі де дайындалуда. Ол үшін басқармадағы шығын 200 млн. теңгеге кемітілмек. Және кеңсені жалға алу құны мен оның аумағын да азайту көзделіп отыр. Осылай деген басқарма төрағасы өз жалақысын да жасырмады.

Ерхат Есқалиев, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: «Бірыңғай дистрибьютордың шығындарына қатысты сынға жауап ретінде компания қазір әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыс тобын құрды. Кеңсені жалға алу құны 10%-ға төмендетілді. Жұмыс тобының қорытындылары бойынша, кеңсе ауданы 10-15 пайызға қысқартылады деп күтілуде».

Назерке Үкібасова