Сарыағаштық полицейлер Құрбан айт қарсаңында құрбандық шалып, қойдың етін көпбалалы ананың үйіне апарып берді. Аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен және жеке құрам қызметкерлерінің қолдауымен тағы бір ізгі амал жасалды.
Аудандық тәртіп сақшылары қой сойып, құран бағыштады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімімізден түскен емес дейді тәртіп сақшылары.
Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмек беруге әзір екендіктерін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Мақпал Рысбаева