TURKISTAN adaldyq alany жарты жылды қорытындылады

147

«Адалдық алаңы» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынып, қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде жобалық кеңселер қызмет етіп келеді. Солардың ішінде Түркістан облысының аймақтық кеңсесі де бар. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі — Асыл Алдаберген Түркістан адалдық алаңы Жобалық кеңсесінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Түркістан облысының аймақтық кеңсесі 2 жылға жетпес уақыт ішінде біршама жетістіктерге жетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асырып, жергілікті билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға ықпал жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асыл Алдаберген жобалық кеңсенің атқарған жұмыстарына тоқталды.

– 2018 жылдың 13 желтоқсанында «Түркістан – адалдық алаңы» аймақтық Жобалық кеңсесі ашылған болатын. Басты мақсат — облыс тұрғындарының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Кеңсе жанынан әр сала бойынша бірнеше жобалар қолға алынды. Олар: «Адал көмек», «Саналы ұрпақ», «Сапалы жол — адалдық алаңы», «Парасаттылық мектебі», «Safe zone», «Protecting Business and Investments» жобалары. Барлық жобалар әр саладағы ашықтық мен жариялылықты көрсетуге бағытталған. Мәселен, кеңсе жанынан билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы іске қосылған. Жоба аясында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру үшін еріктілер ретінде тәжірибелі заңгерлер, қала-аудан, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қызмет көрсетуде, — деді Асыл Берікұлы.

Асыл Берікұлы билік институттарының қоғаммен кері байланыстарын орнату мақсатында және «билік институттарының ашықтығын қамтамасыз етуге кеңсенің бастамасымен де біршама жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты.
– 57 мекеме «Open Space» үлгісінде және 69 Фронт кеңсе мен 4 Халықтық кеңсе тұрғындар үшін жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, облыс аумағында билік институттарының қоғаммен кері байланысын арттыру мақсатында «Safe zone» — қауіпсіз аймақтар жобасы қолданысқа еніп, 83 ауылдық әкімдіктерге ауыл тұрғындарына тегін әрі кез-келген уақытта қол жетімді wi-fi, компьютер, принтер, стационарлы телефон, сенім жәшігі орнатылды», — деді кеңсе жетекшісі.

Кеңсе жанындағы маңызды жобаның бірі — автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мақсатындағы «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасы. Кеңсе жетекшісі бұл жоба аясында қанша кемшіліктер анықталып, қалыпына келтіру жұмыстары қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқанын да айтып берді. Сонымен қатар, елдегі карантин кезінде атқарылған мониторинг жұмыстары мен олардың нәтижелерімен бөлісті.
– Облыстағы 6 ауданда өткен жұмыс қорытындысы бойынша жалпы 17 кемшілік анықталып, бүгінде әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылған. Бұдан бөлек, кеңсе мамандары еліміздегі пандемия салдарынан жарияланған карантин кезеңінде мониторингтік жұмыстар атқарды. Олардың бірі – 13 шілде мен 21 шілде аралығында облыс аумағындағы жалпы саны 648 дәріханаға мониторинг жұмыстарын жүргізілгені. Жеті күн бойына жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында 23 дәріхананың дәрі-дәрмекті шектік бағадан асырып сатқандығы және 2 дәріхананың мемлекеттік лицензиясыз жұмыс жасап келгендігі анықталып, тиісті мекемеге шара қолданану үшін құжаттар жолданған, — дейді Асыл Алдаберген.

Оның айтуынша, кеңсенің тағы бір маңызды бастамасы — кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдауға арналған «Protecting Business and Investments» жобасы. Бұл жоба аясында қанша ірі кәсіптік субъектімен келісімшартқа қол қойылғандығын да түсіндірді. Және аталмыш жобалық кеңсенің жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеуі үшін маңызы бар жобалырын да таныстырды.
– Мақсаты – өңірде қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторларды мемлекеттік сүйемелдеуге алып, олардың инвестицияларын мемлекеттің кепілдігімен қорғау. Қазірге дейін жалпы сомасы 429 млрд теңгеден астам 25 ірі кәсіптік субъектімен келісім-шартқа қол қойылған. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерден 33 өтініш келіп түсті. Агенттік департаментпен келісіп, бірлескен күш-жігермен толықтай 100 пайызға қанағаттандырылды. Облыс аумағында қоғаммен кері байланыс орнату бағытында маусым айында, Түркістан облысына қарасты барлық қала, аудандарда жобалық кеңселер ашылып, олардың жетекшілері ретінде жергілікті жастар ресурстық орталығының директорлары тағайындалды. Және жобалық кеңсе жетекшілері қала, аудан әкімдерінің кеңесшілері болып тағайындалды. Бұл жобалық кеңсе жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру және ертеңгі болашақ – қазіргі жастардың қолында екендігін ескере отырып, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іске асырып отыр. Солардың бірі — Парасаттылық мектебі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Парасаттылық орталығы және колледждерде 59 Парасаттылық мектептері ашылған. Сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында өңірдегі 61 колледжде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылып, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында шаралар өтуде. Бұл іс-шаралардың барлығы карантин салдарынан онлайн форматта өткізілуде. Бұлардың барлығы жастар арасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағытындағы іс-шаралар. Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттап, терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында республикалық маңызды онлайн тренигтер өтті. Бұған облысымыздағы жоғары оқу орындарымен колледждердің 1-курс студенттері мен қатар колледж студенттері және 9 бен 11-сынып аралығындағы оқушылардан жалпы саны 100 мыңға жуық жасөспірім қамтылды,- дейді кеңсе жетекшісі.

Жобалық кеңсенің маңызды саласы, бюджеттік қаражаттың ашықтығын қамтамасыз ету бағыты екендігін баса айтқан кеңсе жетекшісі автомобиль жолдарымен көлік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген қаражат тиімді жұмсалуын қатаң қадағалау басты мақсаттары екендігін жеткізді.
– «Сапалы жол» жобасы бойынша облыстық және жергілікті жолдардың сапасын зерделеу жұмыстары 6 ауданда өтті. Атап айтар болсақ, Түркістан, Кентау, Созақ, Бәйдібек, Арыс және Сарыағаш аудандары. Зерделеу жұмыстар нәтижесінде жалпы 26 кемшілікті анықтадық. Бүгінде сол кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар мен жұмыстар жалғасын табуда. Біз бұл бағытта халықтың арыз-шағымдарын жіті бақылап тиісті шараларды қабылдау үшін арнайы телеграм каналы ашылды. Жол сапасын бақылау, бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жасалған жұмыстар нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталғанын айта өтейін. Жолдың тегістігі сметалық құжатқа сай келмейтіндігі сияқты кемшіліктер анықталды. Бұндай кемшіліктер бойынша арнайы шара қолдану жұмыстары да жүргізілді. Осы тұста агенттіктің департаментпен атқарылған монитроинг жұмыстарына тоқтала өтейін. Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі ақпараттық талдау жүйесі арқылы сатып алу саласында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 6 айда жалпы сомасы 272 млн теңгеге жуық бюджеттік қаржы үнемделді. Осы үнемделген бюджеттік қаржы бойынша қызметтік бағытта облыс әкіміне тиісті шараларды қолдану мақсатында қызметтік хат жеткіздік. Қазір тиісті шаралар қолдану жұмыстары қаралып жатыр,-деді Асыл Алдаберген.

«Оңтүстік Рабат», №32, 6 тамыз 2020