Тиым салынған жол белгісі жергілікті кәсіпорындағыларды жұмыссыз қалдыруға шақ қалды. Шымкентте кәсіпорындары бар өнеркәсіптік аймаққа жүк көліктеріне өтуге тыйым салынған.
Осылайша бірнеше күн ішінде кәсіпкерлерге әртүрлі тауарларды сатып алушылар мен сатушылар келе алмады. Қарқынды жұмыс істеген компаниялардың жұмысына кері әсер етіп, мыңдаған қызметкерлерге қауіп төндірді. Алайда бұл мәселенің түйіні кәсіпкерлер журналистердің көмегіне жүгінгеннен кейін бірден шешті.
Бұл жерде жүк көліктерінің қозғалысына тосқауыл болған жол белгісі бірнеше күн бұрын пайда болды. «Өнеркәсіптік аймаққа апаратын жалғыз жол» деп шырылдаған кәсіпкерлер бұл жағдайға үндемей қоя алмаймыз дейді. Бір белгі үшін қоймаға тауарлар келмей, тіпті қызметкерлердің өзі өте алмай қалған.
Ораз Шынәлиев, «ДЖИНТЕКС» компаниясының өкілі: «Біздің офис және қоймалар индустриялды зонада орналасқан. Бұл промзонаға кіру қақпасы Есіл көшесінде орналасқан. Ол жерге жақын арада жүк көліктері өтуге болмайды деген жол белгісін орнатты. Бізбен тығыз жэұмыс істейтін арендаторлар тауарларын алу үшін бұл жерге келе алмай жүр».
Ауыр жүк көліктерінің жүруіне тиым салғандар болса, алғашында бұл жерден кімдердің өтуіне рұқсат етілетінін нақтылап түсіндірмепті. Қандай жүргізушілер өтіп, қайсысы жүре алмайтынын түсіндірмеген. Кейінірек тауарларға арналған жү кқұжаттары бар машиналар қозғалысына шектеу жоқ екені анықталған.
Наталья Харипова, «Шымкентмай» АҚ-ның қаржы директоры: «Мұнда тауарларын қайда өткізетінін және тікелей қайда апаратынын білмейтін шаруашылықтардың ағыны шектелетін болады. Екіншіден, бізде көптеген сатып алушылар бар, олар біздің кәсіпорынға келіп, өнімдерін жүктеп, өлшеп, содан кейін ғана осы құжат пайда болған жағдайда ғана рұқсат етілген құжатты бере аламыз».
Кәсіпкерлер қоймалар лық толы, егер босатылмаса, өндіріс айналымын азайтуға немесе толығымен тоқтатуға тура келеді деп отыр. Олай еткен жағдайда бірнеше кәсіпорынның мыңдаған қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін.
Наталья Харипова, «Шымкентмай» АҚ қаржы директоры: «Егер мәселе бірден шешілмесе, біз өндірісті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл үлкен әлеуметтік мәселе, бізде кәсіпорында 650 адам жұмыс істейді, егер біз бәрін тоқтатсақ, оларды қалай ұстаймыз, жалақыны қайдан төлейміз, сондықтан бұл оңай шаруа емес».
Жол белгісіне қатысты шағымдар кәсіпкерлер палатасы мен қала басшысының орынбасарына да жетті. Шенеуніктің сөзіне сенсек, мұның өз себебі бар.
Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Олардың қатарында Терешкова көшесі де бар. Кәсіпкерлер көмекке жүгініп, қазір І. Жансүгіров көшесінен бастап өнеркәсіптік кәсіпорынға дейінгі қозғалысты шешуге шешім қабылдады. Бірақ сонымен бірге біз оң бұрылыстағы, Қайнар университеті орналасқан елді мекенге қарай жолға белгі қоямыз. Жолдарды сақтамасақ болмайды».
Нәпақасын өндіріс орнынан тауып отырғандардың шағымынан соң жол белгісі ақыры алынатын болды.
Жол потрульдік полиция инспекторы: «Терешкова мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысында орнатылған жүк автокөліктеріне арналған белгіні бүгінгі шешіммен ертеңнен бастап алып тасталады. Бұл бойынша әкімшілік полиция басқармасы әкімшілікке ұйғарым беріледі. Сол ұйғарым негізінде ауыстырылады».
Айта кетейік, кәсіпкерлердің бұл жолмен өтуіне жергілікті тұрғындар өтініш түсірген екен. Мұндай шара тек теміржол вокзалы аймағында ғана емес, қала бойынша қолға алынған. Енді бизнесмендер тиым салу белгілерін қою ісіне мониторинг жүргізуге бел буды. Бұл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік бермек.
Нұрлан Сұлтанбек