Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ АҚШ Аризона университеті делегациясын қарсы алды. Қонақтар білім ордасының жетістіктерімен және келешекке түзген жоспарларымен танысты.
Нью ЛИ ХОЛМАН, Аризона мемлекеттік универститінің кеңесшісі: «Біз Шымкентке келгенімізге қуаныштымыз. Есесіне, Қазақстандағы ірі университеттердің қатарындағы ЖОО тыныс-тіршілігімен танысқанымызға алғысымыз шексіз. Біз тәжірибемізбен, оқу процессінде қолданылатын жаңа технологиялар, әдістермен бөлісуге дайынбыз. Аризона штаты университеті білім сапасы жағынан әлемдегі озық білім ордаларының қатарында. Болашақта сіздердің студенттеріңіз бізде, ал біздің жастарымыз сіздердің университеттеріңізде білім алады деген үміттеміз».
Шынар Оразова