Түркістан облысында ауа райына байланысты бірқатар мектеп онлайнға көшті

228

Түркістан облысындағы Отырар, Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы оқушылар қашықтан оқу режиміне көшті. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше,  Білім министрінің 2016 жылдың 18 қаңтарындағы №42 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап облыс бойынша кей аудандардағы білім мекемелерінің қашықтан білім алу форматына  көшірілді.

Атап айтқанда, ауа райының күрт суытуына байланысты Отырар ауданындағы барлық 40 мектеп, 13173 оқушы онлайн білім алу форматына ауысты.

Жетісай білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемесінде оқитын (74 мемлекеттік мектеп, 11 жекеменшік мектеп) 47303 оқушы қашықта білім алуға көшті.

Ал Мақтаарал ауданының бастауыш сынып оқушылары онлайн білім алуда.

Ал ауа-райы қолайлы қалған өзге аудан мен қалалардағы оқушылар штаттық режимде білім алып жатыр. Өзгерістер орын алған жағдайда білім беру мекемелері мен бөлім тарапынан қосымша хабар беріледі.

Басқарма ауа-райы жағдайына байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін алға тартты.

(Фото: gov.kz)