Елбасы Түркістанда

134

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан облысына жасаған іс сапары кезінде Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет салынған халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты.

Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан жаңа нысан халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Жалпы ауданы 900 гектардан асатын әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды.

Сондай-ақ, Елбасы «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына да барды. Концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да іс-шараларға арналған көпфункционалды мәдени нысанды аралады.

Жаңа ғимаратта бір мың орындық көрермен залы, төрт дайындық бөлмесі, әкімшілік кеңселер және балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан. Киелі өңірге жасаған сапары кезінде Елбасы «Түркістан-Арена» стадионын да аралап көрді. Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге арналған.

Мақпал Рысбаева