Елбасы Түркістандағы экспозициялық кешенді аралады

62

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы іс-сапарында «Ұлы дала елі» орталығында да болды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.

Елбасы «Ұлы дала металлургиясы», «Ұлы даланың атқа міну мәдениеті», «Алтын адам және аң стилі» және «Қазақстан – түркі әлемінің бесігі» атты экспозициялық кешендермен танысты.