Алдағы жылу маусымына қаладағы көпқабатты үйлер де дайындалуда.Сығымдау жұмыстары тұрғындар мен коммуналдық мекемелер арасында түзілген келісімшарт негізінде жүргізілуде. Ю. Гагарин көшесіндегі №8 үйдегі жер төлесінде әбден тозығы жеткен жылу жүйесі жаңаланды.
Сығымдау жұмыстарын аудандағы бес коммуналдық мекеме жүргізуге дайын. Алайда тұрғындар үйді өз күшімізбен алдағы жылу маусымына дайындаймыз десе, таңдау өздерінде. Былтыр Әл Фараби ауданында 130 тарта көпқабатты үйлердің тұрғындары жеке бригадалармен келісіп үйлерді қысқа дайындаған.
Шынар Оразова