Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан жеке кәсіпкер 553 800 теңгеге дейін айыппұл төлейді

31

Алкоголь өнімдерін сатуға тек лицензиясы бар жеке тұлғаларға рұқсат. Егерде бұл талап орындалмаған жағдайда заңға сәйкес 55 380 теңгеден 553 800 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ҚР «Алкогольдік өнімнің айналымы мен мемлекеттік реттеу туралы» №429-1 Заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензиясы бар тұлғалар ғана алкоголь өнімін сатуға құқылы екендігін ескертеді. Республика аумағында алкоголь өніміннің айналымы барысында мына талаптар сақталуы қажет.
– Жеке кәсіпкер болу шарт
– Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша тиісті лицензиясы болуы тиіс

Нұрмаханбет Сейітқұл, Әл-Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Аталған талаптар сақталмаған жағдайда. ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау заттары, яғни алкоголь өнімдері тәркілене отырып 15 АЕК 55 380 теңгеден 150 АЕК 553 800 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған».

Сала мамандары Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында алкоголь өнімдерін саудалайтын жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары үнемі ұйымдастырылып тұратынын алға тартады. Бүгінде Әл-Фараби ауданында 381 жеке тұлға лицензия алып, кәсібін дөңгелетуде.

Сала мамандары алкоголь өгімдерін сақтау және саудалауда заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Лицензия рәсімдеу үшін Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына Төлеби көшесі №22 мекенжайы бойынша немесе

53-01-59 , 8 702 769 95 69

телефондары арқылы анықтама алуыңызға болатынын хабарлайды.